Қазақстанда мобильді нөмірлерді абоненттің фотосуретімен тіркеу жоспарланып жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстанда мобильді нөмірлерді абоненттің фотосуретімен тіркеу жоспарланып жатыр

Қазақстанда «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізілмек. Тиісті құжаттың жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілердің сайтында пайда болды, деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі.

«Қазіргі уақытта байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу кезінде ұялы байланыс абоненттерін онлайн сервистер арқылы тіркейді. Бұны абоненттік нөмірлерге басқа адамдардың дербес деректерін тіркейтін және қаржы секторында қылмыс жасайтын алаяқтар пайдаланып кетіп жатыр», — делінген түсіндірме жазбада.

Жоба авторларының пікірінше, осы олқылыққа байланысты құқық қорғау органдарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде дәйекті ақпаратқа қол жеткізу қиындайды.

«Осы қылмыстарды азайту мақсатында биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттерді тіркеу қажеттілігі туралы шешім қабылданды», — деп атап өтті құжатта.

Бұйрықтың тиісті жобасы 3 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Цифрлық даму және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі Бағдат Мусин мобильді нөмірлерді биометриялық деректерге байланыстыра алатынын бір жыл бұрын мәлімдеді.

 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде IMEI-код + SIM-карта + ЖСН схемасы бойынша құрылғыларды міндетті тіркеу ережелері қолданысқа енді. Қазақстандықтардың әрбір құрылғысы автоматты түрде оған орнатылған SIM-картаға бекітілді. 

Яндекс.Погода
x

Check Also

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...

Ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты жиында отандық ғылым өкілдерін марапаттап, ғылымның қоғам мен мемлекет дамуындағы ...