Шетелдік ұйымдасқан қылмыстық топ бар — Xnews — ақпарат агенттігі

Шетелдік ұйымдасқан қылмыстық топ бар

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек алаяқтарды анықтап қылмысқа тарту күшейгенін айтады.

ІІМ дерегі бойынша, интернет-алаяқтық бағытында қауіп төндіретіндер –психологиялық тұрғыдан жақсы дайындалған 25-45 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер.

«Олар шетелдік ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері болып келеді және ТМД-да орналасқан тәуелсіз «сall-орталықтарда» жұмыс істейді. Олар «келіссөз жүргізушілер», «хакерлер» және «IT-мамандар» болып, өзара рөлдерді бөлісіп, қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырады және көп жағдайда Қазақстаннан тыс жерлерде орналасады», — деді ведомство өкілі.

Осы бағыттағы күресті күшейту үшін барлық өңірде «CyberPol» бөлімшелері – арнайы топтар құрылып отыр.

«Бөлімшелер құрамына жедел уәкілдер, тергеушілер және криминалистер енді. Олар «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл банк секторымен және ұялы байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Бейінді бөлімшелерді заманауи бағдарламалармен және техникамен қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда. Алматы академиясында мамандарды даярлау бойынша киберорталық ашылып, онда 350 қызметкер оқытылды», — деді Шұғыла Тұрлыбек.

x

Check Also

Дорожная безопасность под контролем: В Туркестанской области снизилось число ДТП

За 10 месяцев 2026 года по Туркестанской области зарегистрировано 993 (1032) дорожно-транспортных происшествий (далее – ДТП), количество которых в сравнении ...

Жол апаттары азайғанымен, балалар өлімі алаңдатып отыр

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында — 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың ...