Интернет-алаяқтық қылмыстары көбейіп барады — Xnews — ақпарат агенттігі

Интернет-алаяқтық қылмыстары көбейіп барады

ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай интернет-алаяқтық қылмыстарын ашуда қандай қиындықтар бар екенін айтты.

«Биыл бізде 9 мыңнан аса интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Оның ішінде мамандар 2 мыңнан астам қылмысты ашты. Шамамен 37%-ы ашылмаған күйі қалып отыр. Дегенмен бұл жерде мынадай мәселе бар: Егер қылмыс жасаған адам шет мемлекеттердің аумағында болса, онда істі тергеу қиындайды. Өйткені, ол елдің құзырлы органдарымен ақпарат алмасу сияқты процестер ұзаққа созылады. Алайда, біздің қызметкерлер қылмыстың дәл қай жерде отырып жасағанын нақты анықтай алады», — деді Жандос Сүйінбай БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Алаяқтық азаяр емес. Биылғы жарты жылдықтың өзінде Қазақстанда 9,4 мың интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген.

x

Check Also

Жол апаттары азайғанымен, балалар өлімі алаңдатып отыр

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында — 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...