Көліктен ақша алып келем деп ізін суытқан — Xnews — ақпарат агенттігі

Көліктен ақша алып келем деп ізін суытқан

Алаяқ келтірген шығын көлемі – 6 млн теңге. 

Күдіктіні “Cyberpol” арнайы тобының қызметкерлері Шымкент қаласында ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 
Ұсталған азамат – Қызылорданың тұрғыны. Оның Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бары анықталды. Шығын көлемі – 6 млн теңге. 

«Белгілі болғандай, ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылардың сеніміне кіріп, түрлі тауарларды жымқырып келген. Яғни алаяқ көлігінен ақша алып келіп төлеймін деген сылтаумен тауарларды тиеген бойы оқиға орнынан ізін суытқан», – делінген хабарламада. 

ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысты-қатысты емес екені анықталып жатыр.

x

Check Also

Жол апаттары азайғанымен, балалар өлімі алаңдатып отыр

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында — 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...