«Қазақстан азаматтығын алып беремін»

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, Өзбекстан елінен Қазақстан жеріне көшіп келген кезде өзінің танысы «Қазақстан азаматтығын алып беремін» деп уәде беріп, алаяқтық жолмен 300.000 теңгесін жымқырған.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ер адам шет елден қоныс аударған жәбірленушіге төлқұжатын заңдастырып беремін деп алдап соғып, ақшасын өз бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

x

Check Also

Шымкентте дронның көмегімен 44 жастағы әйел қылмыс үстінде ұсталды

Ішкі істер министрлігінде полиция жұмысының тиімділігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық технологияларды жүйелі түрде енгізу жұмысы жалғасуда. ...

В Шымкенте прошли учения по гражданской защите «Қыс-2025»

В Шымкенте завершились двухдневные городские командно-штабные учения «Қыс-2025», направленные на отработку действий системы гражданской защиты в условиях зимних чрезвычайных ситуаций ...