Телефонын ұрлап ақшасын шешіп алған — Xnews — ақпарат агенттігі

Телефонын ұрлап ақшасын шешіп алған

Түлкібас аудандық полиция бөліміне шымкенттік тұрғын ұрлық қылмысының құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Яғни, жәбірленушінің айтуынша, танысы оның құны 50 мың теңге болатын Huawei телефонын жымқырып, шотынан 75 мың теңге ақшасын шешіп алған. Келтірілген шығын көлемі – 125 мың теңге.

Оқиға орнына барған түлкібастық полицейлер күдіктінің іздестірді. Көп кешікпей тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынды анықтады.

Белгілі болғандай, бірге ішімдік ішкен кезде жәбірленушінің масаң күйін пайдаланған ер адам оның телефонын байқатпай әкетіп, шотындағы ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Ер адамнан қолды болған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

x

Check Also

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...