Тоқаев Сарыағаштағы бес жасар қыз өлімінің мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды — Xnews — ақпарат агенттігі

Тоқаев Сарыағаштағы бес жасар қыз өлімінің мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды

Күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Мемлекет басшысы бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы 5 жасар қыздың өліміне байланысты оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысына Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді Құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды. Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған», – делінген ақпаратта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыз баланың жақындарына көңіл айтты.

«Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Мемлекет басшысы биыл шығарылған сот үкімінің заңдылығын қарастыру және адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп санайды. Баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...