Түркияда 7 балдан асатын жер сілкінісі болды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркияда 7 балдан асатын жер сілкінісі болды

Дүйсенбіде Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды. Бұл туралы Мемлекеттік төтенше жағдайлар басқармасы (AФАД) мәлім етті.

Агенттік мәліметінше, 6,4 және 6,6 магнитудалы екі жерасты дүмпуі Нурдагы ауданында, 6,6 магнитудалы жер сілкінісі Ислахие ауданында тіркелген. Зілзаладан ғимараттар қираған. АФАД мәліметінше, 7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 км тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда — Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада сезілген.

Түркияның ТRT мемлекеттік телеарнасы тікелей эфирде Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан провинциялардың кадрларын көрсетті. Онда тұрғындар суыққа қарамастан, зілзала қайталануынан қорқып, үйлерін тастап кетіп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, Шанлыурфа провинциясында кем дегенде 16 үй қирады.

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды.

«Елде дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды. Біз Төтенше жағдайлар басқармасымен бірге өңірге құтқарушылар жібердік», — деді елдің ІІМ.

Зілзалада зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмектер артылған жүк ұшақтары да ұшырылмақ, ол халықаралық көмекті қарастырады.

x

Check Also

Мас күйде көлік жүргізгендерге заң қатал

Құрметті азаматтар! Алкогольдік масаң күйде автокөлік басқару – өз өміріңізге ғана емес, айналаңыздағы адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін үлкен қауіп. ...

Халықаралық БАҚ жаһандық экономикалық баяулау жағдайында Қазақстан экономикасының тұрақтылығын атап өтті

Халықаралық World Impact Media Organization (WIMO) ұйымының Reuters ақпарат агенттігінің сайтында жарияланған талдамалық есебінде Қазақстанның неғұрлым тұрақты әрі әртараптандырылған өсім ...