Шымкентте бүлдіршін фитнес орталықтың бассейніне батып кетті

Шымкенттегі фитнес-клубтардың біріндегі бассейнге батып кеткен 4 жасар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі бойынша («Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету, сол сияқты аталған тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердiң қауiпсiздiк талаптарына сай келетiндiгiн куәландыратын ресми құжатты құқыққа сыйымсыз беру немесе пайдалану, бұл іс-әрекеттердің абайсызда адам өлiмiне әкеп соғуы») қылмыстық істі тіркеді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», — деп хабардар етті құзырлы органның баспасөз қызметі.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бүлдіршін аса ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, стационарда көз жұмған.

«103 қызметіне қаладағы фитнес орталықтарының​ бірінен шақырту түскен. Шақыртуда 4 жасар баланың​ ес-түссіз халде екені, бассейнге тұншыққаны айтылған. Оқиға орнына барған жедел жәрдем қызметкерлері баланы аса ауыр халде қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген. Шұғыл түрде көрсетілген реанимациялық көмекке қарамастан, ол стационарда көз жұмған»,- дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай кеше кешкісін сағат 17.25 шамасрында «KASIET» фитнес-клубында болған..

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...