Кентаудағы жылу электр орталығын кеңейту бойынша инвестормен келіссөз жүргізілді — Xnews — ақпарат агенттігі

Кентаудағы жылу электр орталығын кеңейту бойынша инвестормен келіссөз жүргізілді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «QAZSMARTENERGO» ЖШС Бас директорының орынбасары Данияр Сейтеновті қабылдады. Кездесу барысында өңірде энергетика тапшылығын жою, атап айтқанда, Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығын кеңейтіп, қуаттылығын арттыру жолдары талқыланды.

– Кентау қаласындағы жылу электр орталығын жаңарту, кеңейту жұмыстары бойынша бірнеше инвестордан ұсыныс түсіп отыр. Біз халыққа және облыста тиімді жобаны қабылдаймыз. Жоба жүзеге асқанда тұрғындар үшін тариф төмен әрі қолжетімді болуы тиіс. Екіншіден, жобаны мұхият зерделеп барып шешім қабылдаймыз. Алдағы уақытта тағы да кездесіп, нақтылай түсейік. Әділ әріптестік, адал жұмыс болғаны жөн, – деді Дархан Сатыбалды.

«QAZSMARTENERGO» ЖШС Бас директорының орынбасары Данияр Сейтенов жобаны қысқаша түсіндіріп, компания туралы мәлімет берді. Еліміздің бірнеше өңірінде энергетика саласында ірі жобаларды жүзеге асырғанын, Кентаудағы жылу орталығын дамытуға әлеует пен мүмкіндік жеткілікті екенін мәлімдеді. Аталған компания инвестор ретінде Кентау қаласында жылу орталығы базасында бу-газ станциясын салуды жоспарлап отыр. Қос тарап аталған жоба бойынша тағы да кездесіп, кеңірек талқылау жөнінде уағдаласты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...