Жаңа депутаттардың келуімен еліміз жаңа даму жолына түсетіні анық

Соңғы бір жыл ішінде еліміз сан түрлі оқиғаларды, саяси үдерістерді басынан кешті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттің саяси жүйесін түбегейлі өзгерту арқылы «Жаңа, Әділетті Қазақстанның» іргесін қалау туралы бастамасы жеміс беріп келеді. Өткен жылғы басты саяси оқиғаның бірі — Жалпыхалықтық референдумда халық өз таңдауын жасап, Конституциямыз ел қалаған өзгерістер негізінде реформалануда.

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесін жариялап, ел күткен маңызды өзгерістерге тоқталды. Референдум негізінде қабылданған жаңа заң жобасының талаптарына сәйкес алдағы наурыз айының 19 жұлдызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін болады. Мемлекет басшысының Жарлығымен қазіргі Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттілігі тоқтатылды. Халық игілігін көксеген жаңа заң жобасының қағидасын ескере отырып, Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланса, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары да аралас жүйе арқылы мандатқа ие болады. Бұл – ел пікірінің ескеріліп, жалпыға бірдей таңдау мүмкіндігін туғызған тамаша шешім екені даусыз. Бұдан бөлек, өкілді билікке түрлі көзқарастағы, халықтық мүддені биік қоятын азаматтар келіп, азаматтық қоғамның дамуына жол ашпақ.

Сондай-ақ, бұл бастамалардың Президенттің өкілеттіліктерін күшейтуге емес, ықпалды Парламент құру арқылы қоғам үнін ескеретін Үкіметті қалыптастырудың алғышарты екені айдан анық. Қалай десекте алдағы өзгерістер ел тарихындағы аса жауапты, маңызды кезең болары анық. Сөз жүзіндегі емес, халық игілігін көретін, ширек ғасырдан астам уақыт қол жеткізген құндылықтарымызды қастерлеу арқылы жаңа белеске қадам басатын “Жаңа Қазақстанның” болашағы үшін әрбіріміз алдағы саяси науқандарда белсенділік танытып, қатысып, өз пікірімізді білдірейік. Бұл — біздің азаматтық, осы елдің ертеңіне алаңдайтын перзенті ретіндегі борышымыз.

Тоғжан ЖАЙЛАУБЕКОВА,
Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы

x

Check Also

Түркістан облысындағы 900-ден астам мектеп ғаламтор желісіне қосылған

Бұл туралы брифингте Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов мәлімдеді. Спикердің сөзінше, Түркістан облысындағы 1 082 орта ...

Түркістан облысында биыл заңды тұлғалар үшін электр энергия тарифі 12,4%-ға төмендетілді

Мемлекет басшысының электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды алып тастау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 2024 жылғы 1 мамырдан бастап заңды ...