«Әрбір елді мекенде таза ауыз су» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр

«Әрбір елді мекенде таза ауыз су» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

«Алдымызда еліміздің барлық қалалары мен ауылдарын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Ол үшін қазір «Әрбір елді мекенде таза ауыз су» арнайы ұлттық жобасы әзірленіп жатыр», — деді Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Осы орайда, Премьер-Министр Индустрия министрлігіне аталған жобаны келісу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

«Министрлікке ұлттық жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келісуді жеделдетіп, белгіленген мерзімде Үкімет аппаратының қарауына енгізуді тапсырамын», — деді Премьер-Министр.

x

Check Also

«Жайлы мектеп» — сапалы білім беру мен оқушылардың саулығы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

«Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», — ...

Президент поздравил казахстанцев с Национальным днём печати

Уважаемые работники печатных СМИ! Поздравляю вас с Национальным днем печати! Этот праздник – символ глубокого уважения сотрудникам печатных изданий, чей ...