Соңғы қоңырау онлайн соғылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Соңғы қоңырау онлайн соғылады

Биыл түлектердің білім ордасына, ұстаздарына сыйлық беруіне тыйым салынады.

Биыл 25 мамырда барлық мектептерде соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады. 1 мен 10-шы сыныптарға арналған сынып сабақтары да осындай режимде өтеді. Онда әр сынып бойынша жыл қорытындысы шығарылады, деп хабарлайды Xnews Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, сынып жетекшілері оны қай уақытта, қалай өткізетіндерін өздері шешеді.

Ал, маусымның 3-і мен 4-і күндері барлық түлектерге аттестат тапсырылады. Оны ұйымдасқан түрде және талаптарды сақтай отырып өткізу керек.

Айта кетейік, биыл түлектердің білім ордасына, ұстаздарына сыйлық беруіне тыйым салынады. Іс-шараларға ата-аналардан бір тиын да жиналмауы тиіс. Оған директорлар тікелей жауап береді.

Сондай-ақ, әртүрлі агенттіктер, жекеменшік студиялар мен аниматорлар шақырылмайды. Мерекелік дастарқан деген атымен болмауы керек.

Ал автомобиль жалдап, түлектердің топ болып қаланы аралауына жол бермеу үшін ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп бастапты.

© 1tv.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

Яндекс.Погода
x

Check Also

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...

Ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты жиында отандық ғылым өкілдерін марапаттап, ғылымның қоғам мен мемлекет дамуындағы ...