«I-Qala» жобасы іске қосылуда — Xnews — ақпарат агенттігі

«I-Qala» жобасы іске қосылуда

Мемлекет басшысының Астана қаласында көрсетілетін қызметтер орталығының оң тәжірибесін масштабтау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының геопортал базасында тұрғын үй-коммуналдық саласындағы Түркістан облысының 30-дан астам табиғи монополия субьектілерінің 250-ден астам қызметін біріктіретін «I-Qala» цифрлық коммуникация сервисі құрылды.

Сервис арқылы жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Түркістан облысының жеке кәсіпкерлері дербес шот ашуға, анықтама, техникалық шарт, су, электр, жылумен жабдықтау және су бұру секілді қызметтерге шарт жасауға өтінім бере алады.

Тұрғындар электрондық цифрлық қолтаңба немесе СМС арқылы өтінім беріп, қажетті қызмет түрін таңдап, мәліметтерді толтыру және өтінімді жіберу жеткілікті.

Аталған жүйе қолданушыларға үйден шықпай қызмет алумен қатар, өз өтінішінің орындалуын онлайн режимде бақылау арқылы қызмет көрсету процессінің ашықтығына қол жеткізе алады.

Осылайша аталған жоба кәсіпкерлік субъектілерін қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалар үшін қызмет алудың ыңғайлы және жылдам тәсілін ұсына отырып, «тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» тәуекелдерін және әкімшілік кедергілерді жою арқылы бизнесті жүргізу мен дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Барлық қызмет түрлерін «iturkistan.kz«сайты арқылы біле аласыздар!

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...