Серік Күдебаевтың үстінен азаптау және билігін асыра пайдалану фактісімен екі іс қозғалған — Xnews — ақпарат агенттігі

Серік Күдебаевтың үстінен азаптау және билігін асыра пайдалану фактісімен екі іс қозғалған

Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі 1,3,4 тармақтары және 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалған. Бұл — азаптау және билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактілері»,- деді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Сот өкілі Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4 бөлігі бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал 146-бабы 2-бөлігі (3-7 тармақтары) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін соттау және үш жылға дейін қандай да лауазым атқару құқығынан айыру қарастырылғанын нақтылады.

Айта кетейік, бүгін Талдықорғанда Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі басталды.

Еске салсақ, Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын.

Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

x

Check Also

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан ...