Су қоймалары мен өзендердегі судың деңгейі ұдайы бақылауда болуы керек

Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен ауданда су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізуге байланысты жиын өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары, ауыл әкімдері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы мен мамандары, коммуналдық қызмет көрсету мекемесінің, ауылшаруашылығы бөлімінің басшылары қатысты.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.Қоспанов ағымдағы жылы су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары туралы баяндама жасап, аудан аумағындағы су қоймаларындағы және өзендердегі су деңгейінің қалыпты екенін, алайда ауылдағы кейбір қашыртқыларды тазалап, ретке келтіру қажет екенін, айтты.

Өз кезегінде аудан басшысы тиісті сала мамандары мен ауыл әкімдеріне алдын-ала әрекет жасап, қашыртқыларды тазалауды тапсырды. Сондай-ақ су қоймалары мен өзендердегі ахуалды ұдайы бақылап отыру үшін тиісті адамдарды бекітуді, олардың тұрақты түрде төтенше жағдай бөліміне, әкімдікке ақпарат беріп отыруын ұйымдастыруды, коммуналдық қызмет көрсету техникаларының кез-келген жағдайға дайын болуын, инертті материалдардың көлемін арттыруды тапсырды.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы ...