Қаңтар оқиғасында 3 037 полиция мен ұлттық ұланның әскери қызметкерлері жарақат алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Қаңтар оқиғасында 3 037 полиция мен ұлттық ұланның әскери қызметкерлері жарақат алды

Қаңтар оқиғасында 3 037 полиция мен ұлттық ұланның әскери қызметкерлері жарақаттанды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты.

«5 қаңтардан бастап аймақтарда төтенше жағдай режимдері мен коменданттық сағаттар енгізілді. 6 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап терроризмге қарсы операция режимі жарияланды. Бұл – қысқа мерзімде елдегі құқықтық тәртіпті қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Өкінішке орай, 19 қызметкер қаза тапты. 3 037 полиция мен ұлттық ұланның әскери қызметкерлері жарақаттанды. 28-іне оқ тиіп, 177-сінің сүйегі сынған. 111-і пышақталған. Көптеген қызметкерлер әлі де ем алуда», — деді министр.

Оның атап өтуінше, полиция қаңтар оқиғасы бойынша 4 623 қылмыстық істі тергеді. Олардың көбісі – адам өлтіру, ұрлық, қару-жарақтың заңсыз айналымы, бұзақылық, бөтен мүлікті қасақана бүлдіру қылмыстары.

«20 мыңнан астам азаматтан жауап алынды. 5 мыңнан астам сараптама тағайындалды. Ұрланған мүліктің көбі тәркіленді. Қылмыстық істер бойынша 983 адам ұсталды. Оның 502-сі арнайы прокурорларға берілді», — деді Марат Ахметжанов.

x

Check Also

Дорожная безопасность под контролем: В Туркестанской области снизилось число ДТП

За 10 месяцев 2026 года по Туркестанской области зарегистрировано 993 (1032) дорожно-транспортных происшествий (далее – ДТП), количество которых в сравнении ...

Жол апаттары азайғанымен, балалар өлімі алаңдатып отыр

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында — 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың ...