Қаңтар оқиғасының алғашы күндерінде полиция қандай алгоритммен жұмыс істеді

Қаңтар оқиғасы кезінде кәсіби арандатушылар халық атын жамылып, заңсыз талаптар қойды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты.

«2020 жылы «Бейбіт жиналыстар туралы» жаңа Заң күшіне енді. Митинг ұйымдастыру процесі «рұқсат беру» жүйесінен «хабарлама» қағидатына көшті. Қазір қарым-қатынас тек акция ұйымдастырушы және жергілікті атқарушы орган арасында орын алады. Митингке қатысушылар тарапынан қоғамдық тәртіпті сақтау міндеті ұйымдастырушыға жүктелген. Осыған орай, полицияның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету әдістері өзгерді. Қару мен арнайы құралдарды өздерімен бірге алып шықпайды. Қызметкерлер митинг өтетін аумаққа жақын жерде орналасады. Жиналғандармен тікелей қарым-қатынас жүргізбейді», — деді министр.

Оның атап өтуінше, полиция митингіні тоқтату үшін тек қана азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіпке қауіп төну, мүлікке залал келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, діни алауыздықты қоздыру, конституциялық құрылысты, аумақтық тұтастықты күшпен құлатуға шақыру жағдайларында ғана тартылады.

«Тура осы алгоритм Қаңтар оқиғаларының алғашқы күндерінде қолданылды. Естеріңізде болса, 1-3 қаңтар аралығында жиналған азаматтар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көтерді. Бұл 6 өңірде – Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы және Астанада болды. Үкімет пен әкімдер мәселені шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсады. 4 қаңтарда бұған 8 өңірдің тұрғындары қосылды. Олар: Шымкент, Көкшетау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстары. Барлық жерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Диалог орнатылды. Бірақ, өкінішке орай, араға кәсіби арандатушылар қосылды. Олар халық атын жамылып, заңсыз талаптар қоя бастады. Көпшілікке дұрыс емес пікір беріп, басқаруға тырысты-шындықты бұрмалады, популистік ұрандар таратылды», — деді Марат Ахметжанов.

Полиция қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге тырысып, өлімге әкелмейтін әсерлі арнайы құралдарын ашық қақтығыс мезетінде ғана қолданды. Бұл халықаралық тәжірибеге де, елдің заңдарына да, атап айтқанда «Құқық қорғау қызметі туралы» заң талаптарына сәйкес келеді. Бұл әрекеттерді жүзеге асырдың барлық себептері болды: жаппай тәртіпсіздік, азаматтар мен полиция қызметкерлеріне жасалған шабуылға тойтарыс беру, қарсылық көрсеткен адамдарды ұстау.

Министр келтірген деректерге қарағанда, лаңкестер мен тонаушыларға қарсы тұрған құқық қорғау органдарының 19 қызметкері қаза тапты, 3037 полиция мен әскери қызметшілер түрлі дәрежедегі жарақат алды. Құқық қорғау органдарының 3 қызметкері әлі де емделуді жалғастыруда және болашақта қызмет атқара алмайды.

x

Check Also

Жыл қорытындысы: құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау, ТЖ алдын алу және жою бойынша кешенді шаралар қабылдау

Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Өткен жылы Қазақстанның ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ...

Итоги года: усиление борьбы с правонарушениями, защита прав женщин и детей, принятие комплексных мер по предупреждению и ликвидации ЧС

Редакция сайта Primeminister. kz продолжает серию публикаций об итогах развития Казахстана в 2024 году. В уходящем году органы внутренних дел ...