Шаһарда медицина саласындағы мәселе шешімін тауып келеді (видео)

Сондай-ақ сапары аясында Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қаппарова «Атамекен» медициналық орталығы мен Шымкент сити шағынауданында салынып жатқан Конгресс-Холлдың құрылыс барысымен танысты.

Заман талабына сай салынған ғимаратта педиатрия, неврология, урология, мамология, хирургия және өзге де бағыттар бойынша медициналық қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар мекеме науқастарды жарақаттардан, нейрохирургиялық оталардан және инсульттан кейін оңалтумен де айналысады. Оған қажетті барлық құрал-жабдықтар және заманауи физиотерапия залы мен массаж бөлімі жұмыс істеп тұр.

Емдеу мекемесінде бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана да бар. Мұндағы қызметтерді МӘМС және кепілдендірілген медициналық қызметтің аясында пайдалануға болады.

Сонымен қатар Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкентте жаңадан салынып жатқан Конгресс-Холлдың құрылыс барысымен танысты. 2066 адамға шақталған нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Жобаға құны 18 миллиард теңге.

Айта өтейік, үшінші мегаполиске сапары барысында халық қалаулылары азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Дереккөз: «Ońtústik» телеарнасы

x

Check Also

Шымкент: Дабыл жүйесі тексеріледі! Проверка системы оповещения!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! 21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі. ...

В Шымкенте недоношенному новорожденному провели две сложные операции

Врачи Шымкентского городского перинатального центра успешно провели одновременно две сложные операции недоношенному новорожденному. Малыш появился на свет на 31-й неделе ...