Түркістан облысында қойшы ауылдан жолға шыққан 4 азамат жоғалып кетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысында қойшы ауылдан жолға шыққан 4 азамат жоғалып кетті

Қазығұрт ауданындағы қойшы ауылдан жолға шыққан 4 азаматты іздеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Талғат Досалиевтың айтуынша, өңірде 3 қаңтар күні оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен қатты жел тұрған.

Таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жауып, асуларда желдің екпіні 30 м/с-тан асқан.

Боранды күні Қазығұрт ауданындағы қойшы ауылдан жолға шыққан 4 азамат қайтып оралмаған.

Қазір оларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іске 4 техника мен 5 адам жұмылдырылған.

«Төлеби ауданы Абай ауылы Кемеқалған көшесінде қатты желдің салдарынан орташа қысымды жерүсті газ құбырына ағаш құлап, 80 абонент газсыз қалды. Сонымен қатар, Қошқар ата көшесінде 100 абонент көгілдір отыннан ажыратылған. Бұл мәселе бойынша «Қазтрансаймақ» АҚ қызметкерлерінің көмегімен газ беру жұмысы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, Арыс қаласында қар аралас жаңбырдың толассыз жаууынан 20 тұрғын үйдің ауласына су кірген. Төтенше жағдайды қалпына келтіру үшін облыстық төтенше жағдайлар департаменті 1 техника, 2 мотопомпа, 9 адам жұмылдырды. Бұдан өзге, департаменттің 25 қызметкері, 5 техникасы жұмылдырылып Созақ, Бәйдібек аудандарында қар құрсауында қалған 10 жеңіл автокөлік, 2 жолаушылар автобусы мен 4 жүк автокөлігі шығарылып, 92 адам құтқарылды», — деді Талғат Досалиев.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...