БҚО-да сәбізге қақалып қалған сәби көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында сәбізге қақалып қалған 1 жас 7 айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні аудан орталығы Теректі ауылында болған. Сағат 13:20-да 1 жас 7 айлық сәби Теректі аудандық ауруханасының қабылдау бөлмесіне жеткізілген. Онда тіршілік белгілері болмаған. Кезекші дәрігер мен медицина қызметкерлерінің жедел жансақтау шараларын жүргізгеніне қарамастан, жарты сағаттан кейін, 13:50-де биологиялық өлім тіркелген.

«Анасының сөзіне қарағанда, үйінде ойнап жүрген ұл бала шикі сәбіз жеген. Қатты жөтелгенін естігеннен кейін оған жүгіріп жеткен анасы көмектеспек болып, арқасынан қаққан. Сәбіздің бір бөлігі шыққанымен, бала көгеріп, тыныс алуы қиындап кеткен. Жедел жәрдем шақырып, баланы көтеріп көшеге шығып, өтіп бара жатқан автокөлікпен ауруханаға әкелген. Баланы қараған кезде ол демалмаған, басқа да тіршілік белгісі болмаған. Барлық іс-шара жүргізілгеннен кейін полицияға хабарланған. Баланың мүрдесі учаскелік дәрігер мен полиция қызметкерінің қатысуымен сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сот-медициналық сараптама жүргізген маман баланың тұншығып қайтқаны, тыныс алу жолдарының бөгде затпен (сәбізбен) бітеліп қалғаны жөнінде анықтама берді», — деп хабарлаған БАҚ-қа аурухана өкілдері.

Оқиғаны басылымға БҚО денсаулық сақтау басқармасы растап, Теректі ауданы бойынша 1 жас айлық баланың өлімі тіркелгенін жеткізген.

x

Check Also

Бизнеске өндірістерді жаңғыртуға жұмсалған шығындар өтелуде

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы өндірістерді жаңғырту, еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерлету шығындарының бір бөлігін өтей ...

Определены сроки проведения итоговой аттестации школьников в Казахстане

Сроки начала и окончания 2024-2025 учебного года, а также порядок проведения итоговой аттестации утверждены приказом министра просвещения Республики Казахстан. Выпускные ...