Қилы кезеңдер көрініс тапқан мемориал — Xnews — ақпарат агенттігі

Қилы кезеңдер көрініс тапқан мемориал

Бүгін Алматыда 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға арналған мемориалдың салтанатты ашылуы болды.

Мемориалдың ашылу салтанатына Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Бұған дейін Қазақстан Президенті мемориалға болашақ ұрпақтың қауіпсіздігі үшін жанын қиған қазақстандықтардың есімдері қойылатынын түсіндірген.

«Шын мәнінде, бұл ескерткіштің мағынасы терең, маңызы өте зор. Мұнда Қазақ елінің мемлекеттігін нығайту жолындағы қилы кезеңдер көрініс тапқан. Тас тұғырларға әйгілі тұлғаларымыздың өлеңдері және өсиеттері жазылған. Ұлтты ұйыстыратын осы сөздер әрқайсымызға ой салады. Бұл мемориалды қаңтарда қаза болған азаматтардың рухына тағзым ретінде тұрғыздық. Сондай-ақ оны кейінгі ұрпаққа тағылым болсын деп орнаттық. Мен осы мемориалдың бой көтеруіне атсалысқан сәулетшілерге және барлық азаматтарға ризашылығымды білдіремін», – деді Президент.

Сонымен қатар, мемориалдың ашылуына қаза тапқандардың туыстары, жақындары, полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер, қоғам қайраткерлері, еріктілер қатысқан. Мемориал – біздің сәулет өнеріміздің көрнекті нысаны және еске алу орны. Бұл болашақ ұрпақ үшін сол оқиғаларды қайталамау керек екендігін еске салмақ.

Республика алаңында қойылған мемориал үш бөліктен тұрады, әр бөлім Қазақстанның даму, қалыптасу кезеңдерін сыйпаттайды. Ұлттық зиялы қауымның сөздері жазылған алаң біздің ұлтқа деген сүйіспеншілік пен құрметті күшейтіп, болашақ ұрпақ үшін білімге толы тарихи орынға айналатыны сөзсіз. Сонымен қатар, мемориалдың стелаларында Қазақстанның тарихи тұлғаларының қанатты сөздері ойып жазылған. Ұлы адамдардың сөздерін оқи отырып, біздің жастар білім, тәрбие мен тағылым алады деген ойдамын.

2022 жылдың қаңтарында еліміз дүр сілкінді, көптеген жазықсыз адамдар қайтыс болды, олардың арасында балалар да болды. Өкінішке орай, бұл қазақстандықтардың көптеген отбасылары үшін сынақ болғаны рас. Мұның бәрі мемориал тұжырымдамасында көрініс тапты. Қаза болған азаматтар қайтып оралмайды, бірақ олар туралы мәңгілік естеліктен ешқашанда ұмытылмайды.

Сейдулла САДЫҚОВ,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры, филология ғылымдарының докторы

x

Check Also

Түркі дүниесінің екі маржаны: Түркістан мен Манас бауырлас қалалар атанды

Тарихы тамырлас, тағдыры сабақтас қос шаһардың ынтымақтастығы жаңа кезеңге қадам басты Тарихы терең, тағдыры ортақ, рухани құндылықтары үндес түркі халықтарының ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...