Түркістан облысының бір ауданынан 274 чемпион шықты — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан облысының бір ауданынан 274 чемпион шықты

Түркістан облысы, Шардара ауданы спорт саласы бойынша республика, Азия және әлем чемпионаттары бойынша бір жылдың ішінде 274 чемпион шығарып, жылды табысты қортындылап отыр.

Ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2022 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, спорт клубтарының ұйымдастыруымен және демеушілерді тарта отырып 112 спорттық іс-шара өткізілді.

Бұл шараларға жалпы есебі 10 мыңнан аса адам қатыстырылып, гір көтеру, армрестлинг, футболдан Түркістан облысының чемпионаттары және гір спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты жоғарғы деңгейде өткізілді.

Сондай-ақ ауданда №1 БЖСМ, №2 БЖСМ, №3 БЖСМ спорт мектептері, жекпе-жек спорт түрлері бойынша спорт клубы, күш спорт түрлері бойынша спорт клубы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік құрамда Түркістан облысы гір спорты және армрестлинг федерациясы қоғамдық бірлестіктері және №4 ОРМБЖСМ жұмыс істейді. Бұл спорт мектептерінде спорттың 27 түрінен 6524 жасөспірім спортшы шұғылдануда. Бұл жасөспірімдер Шардара қаласында және ауылдарда жаттығады.

Жалпы спорт мектептерінде 171 кәсіби деңгейдегі мамандар жаттықтырушылық қызмет көрсетеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бронза с мирового ковра

Шымкентский борец Мардан Орынбасар стал бронзовым призером чемпионата мира по видам борьбы среди юношей до 17 лет (U17), который прошел ...

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...