Түркістан қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында 600 орындық мектеп пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Жаңа білім ұясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бой көтерген. Жаңа мектептің ашылу рәсіміне Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, ата-аналар мен оқушыларға ізгі тілегін жеткізді.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген 10 Ұлттық жобасында білім беру бағытына баса назар аударылған. Мұның барлығы Тәуелсіздіктің тірегі — жас буынның сапалы білім алуы үшін жасалған жағдайлар. Өйткені, сапалы білім ғана саналы ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді», деді қала әкімі.

«Арман – M School» мектебінде жайлы сыныптар мен асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медицина бөлмесі сияқты маңызды бөлмелермен қамтамасыз етілген. Сонымен қоса, жеке пәндерге арналған арнайы кабинеттер де қарастырылған. Енді «Бірлік» мөлтек ауданында орналасқан Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінде үш ауысымда білім алып келген 1700-ден астам оқушының 650-і жаңа мектепте оқитын болады.

Жалпы облыс орталығындағы 34 мемлекеттік, 27 жекеменшік мектепте 50 мыңнан астам оқушы білім алып, 5 мыңға тарта педагог жұмыс істейді.

Алдағы уақытта қала аумағында 11 мектептің құрылысы жоспарлануда: 2 мектеп республикалық бюджет есебінен, 9 мектеп «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында бой көтереді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...