Катар2022: ӘЧ финалына өткен екінші команда анықталды

Франция құрамасы әлем чемпионатының финалына өткен екінші команда болды.

1/2 финалда қазіргі таңда чемпион атағы бар франциялықтар Марокко құрамасымен ойнады. 5-минутта Тео Эрнандес айып алаңындағы қарбалас сәтте дәл соққы жасай алды.

Артынша турнирде екі сенсация жасаған марокколықтар жиі шабуылдай бастады. Африкалық ұжымның есепті теңестіретін мүмкіндігі де болған, алайда сәтті пайдалана алмады. 

Ал 79-минутта Рандаль Коло-Муани матчтегі екінші голды соғып, ойын нүктесін қойды. 2:0 — Франция құрамасы финалға жолдама алды.

Енді 18 желтоқсанда әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Франция құрамалары кездеседі.

Vesti.kz

x

Check Also

Алғашқы Азия біріншілігінде Жамбыл облысының спортшылары үздік атанды

Иорданияның Амман қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы алғашқы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Жамбыл облысының 6 спортшысы жеңімпаз атанды. ...

Казахстанские пара спортсмены стали призёрами мировой серии

На этапе мировой серии по пара настольному теннису ITTF World Para Challenger Podgorica 2025 казахстанцы завоевали три бронзовые медали. В ...