Облыс орталығындағы су спортының дамуында ерекше орын алған – «Орталық су кешенінде» жыл басынан бері түрлі шаралар ұйымдастырылған.
Кешен директоры Ғалымжан Батырханұлының мәлімдемесіне сәйкес, қазірде орталықта үш жүзге жуық тұрғын жүзумен айналысуда.
Шаршаған денеге энергия, қажыған ағзаға иммунитет сыйлайтын спорт түрін серік еткен мекеменің жас спортшылары байрақты бәсекелерде бой көрсетіп келеді.
Атап айтқанда, жүзуден «Е. Тәңірбергеновты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы турнирде» кешеннің спортшылары бірінші орындарды иемденген.
Олар: 50 метрге еркін жүзуден Абылай Бекетау, Бекташова Диана, Бекебашева Шахзода болса, 100 метрге еркін жүзуден Асқарұлы Алихан, Абылай Каусар, Габайдуллин Салават бірінші орынға шықты.
Одан бөлек, Шымкент қаласында өткен турнирде мекеменің он төрт спортшысы 50 – 200 метр аралығында шалқалай жүзу,брасс, баттерфлияй және еркін жүзуден жүлделі орындарды алған болатын.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында жүзуден Қазақстан Республикасының тірек қимылы зақымданған спортшылар арасында чемпионаты мен кубогынде кешенде жаттығушы Сәулет Бауыржанұлы 50 метрге еркін жүзуден І-орын, 100 метрге еркін жүзуден ІІ-орынға, 100 метрге шалқалай жүзуден ІІІ- орынға жайғасып, қуантқан болатын. Және Қасымбек Бекасыл 50 метрге еркін жүзуден,
100 метрге еркін жүзуден, сонымен бірге 50 метрге брасстан І-орынға шығып, қуантты.
Мекемеде ұйымдастырылған Түркістан қаласының құрметті азаматы Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевты еске алуға арналған республикалық турнир де су спортының дамуында игі бастама болды. Шарада Леңгір, Шаян, Сарыағаш аудандары, Кентау, Түркістан, Шымкент қалалары, сонымен бірге, Қызылорда, Тараз қаласынан 150 спортшы бақ сынады.
Және кешен бассейінінде байрақты додаларда Түркістан облысының атын асқақтатып жүрген спортшылар да жаттығады.
Бүгінде орталық кешенде бес жаттықтырушы жұмыс жасайды. Үш жүзге жүзумен айналысушы тұрғындардың жас аралығы 6 – 80 жас аралығында.
Орталық су спорты кешенінің байланыс құралдары назарларыңызға: