Отырарлық жастар көпбалалы отбасына баспана сыйлады — Xnews — ақпарат агенттігі

Отырарлық жастар көпбалалы отбасына баспана сыйлады

Отырар ауданы Көкмардан ауылының жастары бірлесіп қоғамдық қор құрған. Сауапты іске жаны жақын ауыл тұрғындары қорға жиналған қаржыны қайырымдылыққа жұмсап келеді.

Таяуда көкмардандық жастар ауылдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған жеті баланың ата-анасына жаңа баспана салып беріп, жанұяны шаттыққа бөледі.

Жаңа ғимараттың құрылысы аяқталған кезде көпбалалы отбасына тағы бір жан қосылып, қуаныштары еселеніп отыр. Ауыл азаматтары қос қуаныштың қатар келуін жақсылыққа балап, жақсы істер жалғасады деген ниетте.

Сауапты іске кенелген ауыл жастары көпбалалы отбасына тұрғын үйдің кілтін табыстап, жаңа ғимаратта ас беріп, Құран оқытты. Қуанышты бөлісуге келген ауыл қариялары ынтымағы жарасқан ауыл тұрғындарына ризашылығын білдіріп, ақ баталарын берді.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...