«Дені сау ұлт» — ұлттық жоба

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысымен бекітілді.

Күтілетін әлеуметтік әсер – азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2020 жылғы 71, 37 жастан 2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғайту Халықтың медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін 2020 жылғы 53,3 %-дан 2025 жылы 80 %-ға дейін арттыру.

Ұлттық жоба 4 бағыттан тұрады:
1-бағыт. Қолжетімді және сапалы медициналық көмек;
2-бағыт. Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру;
3-бағыт. Отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары;
4-бағыт. Саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту.

Түркістан облысы бойынша 2021 жылы Ұлттық жоба аясында Ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту: оның ішінде Ауылдық елді мекендерде, оның ішінде тірек және спутниктік ауылдарда фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашу көрсеткіші бойынша 2022 жылы жоспар – 11 нысан жоспарланды, 1 нысан салынып, пайдаланылуға берілді (Ордабасы ауданындағы Бірлік ФАП).

Түркістан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы тағыда 4 фельдшерлік пункт құрылысы жүргізілуде, олар – Ордабасы ауданында 3 нысан, Төлеби ауданында 1 нысан.

Ғимараттарды санитарлық талаптарға сәйкестендіру мақсатында басқармаға қарасты 5-ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жедел жәрдем қызметін нормативке сәйкестендіріп, жүктемесін азайту мақсатында демеушілікпен (КАТКО қорынан) Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған жедел жәрдем стациясының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Түркістан қаласында заманауй перзентхана салу үшін Біріккен Араб Әмірлігімен келіс сөздер жүргізілуде (Абу-Даби қорынан).

Айта кету керек, 2022 жылы Түркістанда «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Жаңа технологиямен жабдықталған «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдап, ем-дом көрсетеді. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы заманауи үлгіде жасақталған.

Сонымен қатар, ауылдық жерлердің және шалғай елді-мекендердің халқына консультациялық-диагностикалық қызметтер үшін көрсету барлық қажетті құрал – жабдықтармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешендер арқылы медициналық көмек көрсетілуде. Түркістан облысына 3 камаз түріндегі және 12 автобус түріндегі жылжымалы медициналық кешен 150 ауылдық елді-мекендерді қамтамасыз етіп, халыққа медициналық қызмет көрсетіп жатыр. Жылжымалы медициналық кешенмен ауыл халқын медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында, жыл басынан 181 242 халық қамтылды.

Түркістан облысына қарасты медициналық ұйымдарда 5 481 дәрігерлер және 19 191 орта буын мамандары қызмет атқарады. Қазіргі таңда, дәрігерлер тапшылығы 258 маманды құрап отыр. Тапшылық бейінді мамандықтар (кардиолог, невропатолог, оторинларинголог, анестезиолог-реаниматолог (ересектердің, балалардың) педиатр, окулист, онколог, акушер-гинеколог, неонатолог, нефролог, инфекционист, жедел жәрдем дәрігері, фтизиатр, травматолог, зертхана дәрігері, офтольмолог, патологоанатом, дерматовенеролог,ревматолог) есебінен туындауда.

Облыстық медицина кадрларымен қамтамасыз етілуі дәрігерлер 26,4%, орта буын 92,5%.

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының жергілікті бюджет есебінен 2022 жылдың 6 айында – 593 маман білімін жетілдірді.

2022 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджет есебінен 593 маман, оның ішінде а.ж.наурыз айында облыстың медициналық ұйымдарының 30 невропатолог, реабилитолог мамандарына Санкт-Петербург қаласындағы мемлекеттік медициналық университетінде «Пәнаралық инсультпен ауыратын науқастарды оңалту тәсілі» тақырыбында семинар – тренингке қатысып, біліктілігін арттырды.

Сондай – ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы «University Medical Center» корпоративтік қоры орталығында, Астана медицина университеті, Алматы қаласындағы А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия университеті және Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы медициналық университетінің оқу орталықтарында 9 маман эндоскопист,травматолог-ортопед, анестезиолог-реаниматолог, хирург және ультрадыбыстық зерттеу дәрігерлері тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдірді.

Сонымен қатар, а.ж. соңына дейін медицина қызметкерлерін ел ішінде, алыс және жақын шет елдерде Санкт-Петербург, Новосибирск, Стамбул, Анкара, Минск т.б. қалаларында білімдерін арттыру жоспарға қойылды.

Облыстағы медициналық ұйымдарға 2021 жылы – 28 акушер-гинеколог, 2 неонатолог жұмысқа орналасты, оның ішінде ауылды жерге жұмысқа орналасқан 2 жас маман 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлемінде әлеуметтік қаржылай көмек көрсетілді, 2022 жылы-4 акушер-гинеколог, 3 неонатолог мамандары жұмысқа орналасты.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің көлемін кеңейту пайызы 63,6% құрады.

Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту мақсатында, жүкті әйелдерді босануға дейінгі жеке және салааралық бақылаумен қамтуды ұлғайту 83% құрады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту 2022 жылдың 6 айында мүгедек балалар саны – 10371, оңалту емін алған мүгедек балалар саны – 1883, сәйкесінше көрсеткіш 18,15% құрады.

1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтуды ұлғайту 85,5% құрады.

14 жасқа дейінгі балалар арасында, семіздікпен сырқаттанушылық көрсеткіші 2022 жылдың 6 айына 9,2 құрады.

Ұлттық жобаның негізгі басымдығына сәйкес, сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін облыста жоспарланған іс-шаралар тұрақты орындалып келеді.

x

Check Also

Түркістан облысында полиция мен азаматтар есірткіге қарсы күресте бірікті

Түркістан облысының полициясы ҚР ІІМ нұсқау хатына сәйкес есірткіге қарсы іс-қимылда маңызды қадам жасады. Алғаш рет ведомство жанынан Есірткі құқық ...

Түркістанда VI жастар спорт ойындарының ашылу салтанаты өтті

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті. Биылғы ойындар Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатыр. ...