«Аңсаған сәби»

Мемлекет осы мақсатқа 7 мың квота бөледі.

Ана мен бала денсаулығын сақтау – медицина саласындағы ең өзекті әрі көкейтесті мәселе, сондықтан халықаралық құжаттарда да, ұлттық құжаттарда да саяси мәні бар маңызды көрсеткіш ретінде белгіленген.

Айта кету керек, 2022 жылы жалпы ел бойынша бала туу саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендегені байқалады. 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласында ана өлімі 4,7 есе төмендеді. 2022 жылғы 6 айдың ішінде облыс бойынша 27 мың босану қабылданды, 27,6 мың нәресте дүниеге келді.

«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2021 жылдан бастап “Аңсаған сәби” арнайы бағдарламасы іске қосылып, 2026 жылға дейін экстракорпоралдық ұрықтандыруға жыл сайын 7 000 квота бөлу көзделген. Осы бағдарламаның аясында Түркістан облысында 2021 жылы 453 әйел экстракорпоралдық ұрықтандыруға жолдама алып, 62 әйел жүкті болып, 106 отбасы сәби сүю бақытына ие болды». Түркістанға іс сапармен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаят осылай деді.

x

Check Also

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...