Шала туылған балалар көрсеткіші азаюда

Қазақстанда неонатологтардың құзыреттілігі мен отандық орталықтарды жаңа жабдықтармен қамтамасыз етудің арқасында балаларды оңалту жоғары деңгейде өтуде.

Жыл сайын әлемде 15 миллион сәби 40 аптада мерзімінен бұрын дүниеге келеді. Қазақстанда жыл сайын 22 мыңға дейін осындай сәбилер (4,9-5%) туылады, неонатологтардың жұмысының арқасында балалардың өмір сүру көрсеткіші артып, бүгінде 70-80 пайызға жетіп отыр.

Шала туылған нәрестелер күні алғаш рет Венада 2009 жылы атап өтілді.  Бір жыл бұрын, 2008 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шала туылған нәрестелерді күту жөніндегі бағдарламасына қосылды, оған сәйкес республикада 2008 жылдан бастап тірі туылу критерийлері енгізілді: жүктіліктің 22-ші аптасында (алты айдан басталатын мерзім) дене салмағы 500 грамм және одан да көп туылған нәрестелерді күту.

2022 жылдың 9 айында елімізде 299 711 сәби дүниеге келді, олардың 16,3 мыңы — мерзімінен бұрын туылған сәбилер.

Шала туылған нәрестелердің өмір сүру көрсеткішін жақсарту үшін Қазақстанда ДДСҰ ұсынған және дәлелді медицина қағидаттарына негізделген өкпе тінінің жетілуіне арналған жаңа технологияларды және заманауи диагностикалық және емдеу аппаратурасы мен дәрілік заттарды пайдалана отырып, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия әдістері енгізіліп, үздіксіз дамуда.

Елімізде перинаталдық көмек жаңа туған нәрестелерге білікті мамандандырылған көмек көрсету мақсатында аймақтандыру қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Болашақ ата-аналар баласының денсаулығына қамқорлық жатырішілік кезеңнен басталатынын есте ұстауы керек.

Біздің елімізде барлық жүкті әйелдер ұрықтың дамуын міндетті түрде скринингтік тексеруден өткізеді (перинаталдық скрининг).  Қандай да бір патология анықталған кезде бейінді аралас мамандардың консилиумы жүргізіліп, онда әйелдің одан әрі босану тактикасы, әдісі және орны айқындалады.

Қазақстанда 39 перинаталдық орталық және 2 республикалық деңгейдегі акушерлік ұйым жұмыс істейді, оларда жаңа туған нәрестеге дер кезінде медициналық көмек көрсету және қажет болған жағдайда босанғаннан кейінгі алғашқы күндері хирургиялық араласу жасау үшін әйел босанғанға дейін ауруханаға жатқызылады.

Баланың ауруларын ерте диагностикалау мақсатында, туылғаннан кейін бірден перзентханаларда тұқым қуалайтын метаболикалық ауруларды ерте анықтауға бағытталған және барлық жаңа туған нәрестелерді фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозға тексеруді қоса алғанда, неонатальды скрининг жүргізіледі.

Барлық жаңа туған нәрестелерде және ерте жастағы балаларда (6 жасқа дейін қоса алғанда) есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау мақсатында психофизикалық дамудың бұзылуын ерте анықтауға, балалардағы көру және есту функцияларын бағалауға, коммуникациялардың бұзылуына бағытталған аудиологиялық скрининг, психофизикалық скрининг жүргізіледі.

Дене салмағы өте төмен және төмен туылған балаларда (2500 г-нан аз) шала туылған нәрестелердің ретинопатиясына скрининг жүргізіледі, одан кейін неғұрлым ерте мерзімде хирургиялық емдеу жүргізіледі.

Елімізде балалардың денсаулығын жақсарту, сондай-ақ нәресте өлімін азайту үшін бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, аурулар мен даму бұзылыстарын уақтылы анықтау үшін жыл сайын 3,1 миллионнан астам баланы, скринингтік тексерулер – 1,6 миллионнан астам жас балаларды қамтитын профилактикалық тексерулер жүргізіледі. Ерте жастағы балаларға күтім жасау мәселелері бойынша кеңес беру үшін 1500-ден астам баланы дамыту кабинеті ұйымдастырылған.

x

Check Also

Заң және тәртіп: Қазақстанның екі мегаполисінде бет-әлпетті тану жүйесі жұмысын бастады

Ұлттық бейнемониторинг жүйесі Қазақстанның екі қаласында іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Инновациялық жоба Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ...

В Туркестане ведется постоянная работа по борьбе с ВИЧ-инфекцией

В Туркестанской области на постоянной основе ведется работа по борьбе с ВИЧ-инфекцией. С начала года специалисты областного «Центра профилактики и ...