Белсіздікке бес себеп

Бұл туралы айту керек! Ер адамдардың дарігерге аса бара бермейтіні бесенеден белгілі. Бірақ сақтанып жүргеннің зияны жоқ. Белсіздік – адамдар арасында белең алған аса қауіпті дерт. Соның ішінде кейбір себептерді көшілігінің өз қолымен жасап алатыны өкінішті. Оның бәрі білместіктен туындайды. Ал сіз біліп жүріңіз.

НОУТБУК. Ер адамдарға ноутбукті ешқашан тізеге қойып отырып жұмыс істеуге болмайды. Американың Стони Брук университетінің ғалымдары анықтағандай, ер адамдардың ағзасына компьютерден бөлінетін жылудың қатері мол екен. Олар әдетте ер адамның ең төменгі температураны ұстап тұратын дене мүшесін қыздырады. Осыдан келіп олардың бір ай бойы бала жасау қабілеті нашарлайтыны аныкталған. Ноутбук үнемі тізеде тұратын болса, белсіздік болу қаупі жоғарылайды.

СЫРА. Қандай да алкоголь ішімдіктерінің адам ағзасына зиян екені анық.   Ал   сыраның  нагыз  белсіздікті тудыратын ішімдік екені дәлелденген. Әсіресе ерлер жағының «сүйікті» сусынына айналған сыра  қан тамырларының өткізгіштік касиетін жоғарылатып, жұмыртқа жасушаларының қорғаныс кабілетін бұзады да, бауырдан бөлінетін улы заттардың мөлшерін арттырады. Сөйтіп ол бауырдың қызметін бұзып кана қоймай, ер адамдардың әлеуетін төмендетуге себеп   болады.   Одан   бөлек   сыраның құрамындағы алкаголь эстрогеннің қызмет жүйесін бұзып, ер адамдардың күш-қуатын әлсіретеді. Екіншіден, сыраның құрамындағы фитоэстрогендер әйелдердің бойындағы табиғи гармондардың бір түрі ретінде белгілі. Содан еркектердің ағзасына әйел адамдардың гармоны көбейеді де, олардын әйелдер сиякты қарны шығып,төсі үлкейіп кетеді.

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН НЕМЕСЕ ВИБРОҚҰРЫЛҒЫЛАР. Ер адамдарға ұялы телефон пайдаланба дей алмаймыз. Тек айтарымыз, шалбарыңыздың қалтасына салушы болмаңыз! Тағы да америкалық ғалымдарды алға салуға мәжбүрміз. Олардың зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей, ұялы телефонмен сейлескен уақыттар ғана емес, қоңырау келгендегі вибраңияның өзі ер адамдардың ағзасына кері әсер етіп, сперматозоидтардың құрамын бұзады. Ғалымдар ұялы телефоннын ер адам ағзасына кері әсер етуінің себебі  одан  бөлінетін  жылу  мен электремагниттік радиация деп тапты.

ИНФЕКЦИЯ. Кез келген ауру иифекциядан пайда болады. Иифекция суықтан немесе таза жүрмегеннен туындайтын адам ағзасындағы зиянды заттар. Суықтан болатын тұмау, грипп сияқты аурулармен қоса, ұшық, тері аурулары сияқты жұқпалы ауруларды ер адамдар аса көп елей қоймайды. Олар бір жағынан айтуға ұялса, екінші жағынан үйде емделгенді жаны сүйеді. Батырлық пен тәкәппарлықтың керегі жоқ. Себебі ауру асқынса, сіздің «ең қымбат жеріңізді» зақымдайды.Айта кетейік, ияфекцияны жұқтырудың ең қауіпті жолын ішіңіз біліп отырған шығар. Жыныстық жолмен  жұғатын аурулар – белсіздіктің бірден-бір себебі.

СТРЕСС. Адам үнемі шаршанқы жүреді. Одан келіп ашуланады. Біреумен сөзге келіп қалады. Мұның бәрі денсаулыкқа зиян екені белгілі. Ал онын белсіздікке тікелей қауіпті екенін білеміз бе? Италия ғалымдары ер адамдардың белсіздігін зерттей келе белсіздік басты себептерінің бірі – стресс екенін анықтаған. Ұзақ уақыт бойы стресте жүретін адамдар да,  тез ашуланып, тез шаршайтыи   адамдар  да  белеіздікке душар   болуы   мүмкін.   Сондықтан күнделікті   тірлікте   кездесетін   кейбір келеңсіздіктерді жүрекке жақын алмай. айналып отуге тырысқан дұрыс.

Белсіздіктен сақтанудын жолдарында электромагниттік радиацияны тудыратын троллейбус, трамвай сияқты электр қуатымен жүретін тасымал көліктерін жүргізбеу туралы айтылады. Сонымен бірге темекі тарту, аз ұйықтау, дұрыс тамақтанбау сияқты жағымсыз факторлардан абай болғаны  дұрыс.

x

Check Also

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығының дәрігерлері шала туған нәрестеге бір уақытта күрделі екі ота жасады. Шақалақ 31 апталық мерзімде 2350 грамм ...

Түркістан жоғары медициналық колледжі республикалық байқауда Үздік білім беру ұйымы атанды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Санжар Жапарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық ...