БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ​ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Күні кеше Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт ​ басқармасының ​ «Түркістан ​ қалалық ​ №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» ұйымдастырған кезекті баскетбол бәсекесі аяқталды. Республикалық бұл жарыс Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде жоғары деңгейде өтіп, 2007-2008 жылы туылған ұлдар мен қыздар арасында​ Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
Шаршы алаңда ұлдар арасында Алматы облысының құрамасы бас жүлдені иеленді. Ал, Атырау облысының баскетболшылары күміс, Ақмола облысы​нан келген спортшылар қола жүлдегер атанды. Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша қыздар арасында Түркістан облысының талантты баскетболшы қыздары жеңістің шыңын бағындырып, алтын медаль иеленді. Павлодар облысының командасы күміс жүлдегер атанса, Жетісу облысы​ның қыздары қола алқаны қанағат етті.​ ​
Апта бойына жалғасын тапқан Ел чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Айдос Калтаев мен баскетболдан Қазақстан Республикасының бас бапкері, Жастар арасындағы ҚР чемионаттарының бас жетекшісі Гайна Иван Сергевич және ​ Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Марат Асильбаев Асқарұлы жетіңістерімен құттықтап, оларды арнайы грамота, медалдермен марапаттады
Айта өтерлігі, бұл республикалық жарыстың жоғары деңгейде өтуіне Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Әнуар Сарсенбаев ықпал жасап, жастарға үлкен қолдау көрсетті.
x

Check Also

1,7 млн оқушы мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылған

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелеріне тоқталып өтті. Мемлекет басшысының ...

Заң және тәртіп: Қазақстанның екі мегаполисінде бет-әлпетті тану жүйесі жұмысын бастады

Ұлттық бейнемониторинг жүйесі Қазақстанның екі қаласында іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Инновациялық жоба Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ...