ВОЛЕЙБОЛДАН «ТҰРАН» АРУЛАРЫ ҰЛТТЫҚ ЛИГАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавлда волейболдан әйелдер арасында Ұлттық лига командалары арасында XXXI-ші Ел чемпионатының І тур ойындары басталды. Жағымды жаңалық, волейбол жанкүйерлері үшін Түркістанның «Тұран» командасы Ұлттық лигада облыс намысын қорғайды. Биыл бұл сында елімізден 11 команда бағын сынайтын болады.
Чемпионаттың шымылдығын Солтүстік Қазақстан облысы ашып берді. Ойындар облыс орталығында орналасқан «Қуаныш» спорт клубы мен олимпиаданың күміс жүлдегері Александр Винокуров атындағы спорт сарайында өтіп жатыр.
Жерлестеріміз алғашқы кездесуін Жетісу облысының командасына қарсы өткізді. Құрылғанына көп уақыт өте қоймасада жоғарғы лигада үздіктер қатарынан көрініп, Ұлттық лигадағы алғашқы ойынын да өткізіп үлгерді. Есеп қорытындысы бойынша есе жібергенмен бұл «Тұран» командасы үшін өте үлкен жетістік. Олай дейтін себебіміз тарихы тереңде жатқан республикамыздағы біраз командалардың бірінің спорттық базасы талапқа сай келмесе, бірі ұлттық лигада өнер көрсетуді армандап келеді.
Сонымен, республикамызда волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лигада мынадай клубтар өнер көрсетеді. Атап айтсақ: «Алтай», Солтүстік Қазақстан облысының екі бірдей командасы «Қуаныш» және олардың жастар құрамасы, Шығыс Қазақстаннан екі бірдей команда «Алтай-1» және «Алтай-2» кәсіби волейболшылары күш сынасады. Ал, Алматы облысынан «Алматы» және Талдықорғанның жергілікті жастарынан құралған «Жетісу» және «Айқаракөз» командалары бақтарын сынайды. Сонымен қатар, Астананың «Ару Астана» волейболшылары биылғы чемпионаттың алтын жүлдесін сарапқа салады. Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» волейбол командасы биылғы Ұлттық лига командалары арасында жүлделі орындардан үмітті. Тартысқа толы кездесулер 15-23 қараша аралығына жоспарланған. Ендеше, түркістандық волейболшы қыздарымызға сәттілік серік болсын!
x

Check Also

Намыстың найзасын ұстаған журналистің үш ерлігі

2025 жылдың 24 қазанында Шымкенттегі Әл-Фараби кітапханасы бақ қараған Бақтияр Тайжанның сөзі мен сыры үйлескен кереметтей шығармашылық кешін өткіземін деп ...

Көркем гимнастикадан «Шымкент қаласы әкімінің кубогы» халықаралық турнирі басталды

Бүгін Шымкент қаласындағы көркем гимнастика спорт кешенінде көпшілік асыға күткен «Шымкент қаласы Әкімінің Кубогы» халықаралық турнирі өз жалауын көтерді. Әсемдік ...