Түркістанда 2 мыңнан астам адам жүгіруден марафонға қатысты (видео) — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда 2 мыңнан астам адам жүгіруден марафонға қатысты (видео)

Түркістан қаласында Turkistan Marathon 2022 сайысы өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау барысында өткізілген жарысқа еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шетелден келген 2 мыңнан астам спорт жанкүйерлері қатысып, бақтарын сынады. Эстафеталық сайыс «Almaty Marathon» ұйымдастырушыларымен Түркістан қаласында тұңғыш рет өткізілді.

Мәмекүлсін әжей биыл 75 жасқа толды. Бүгінгі марафонға Астана қаласынан арнайы келген әз ана «спорттан бір сәт қол үзсем, төсек тартып жатып қаламын» — дейді. Сондай-ақ ол өзімен бірге немерелерінде ертіп келіпті. Ең қызығы, бұл сайыс Мәмекүлсін әжей қатысып жатқан 144-і марафоны екен.

© Turkistan TV

x

Check Also

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылым жаңғырады

Түркістан облысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық ...

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...