«ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САБАҒЫ» ӨТТІ — Xnews — ақпарат агенттігі

«ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САБАҒЫ» ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал- лейтенанты Марат Ахметжановтың тапсырмасына орай, 1 — қыркүйек Білім күні Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 8-11 сынып оқушыларына жалпы құқықтық білім беру мақсатында арнайы жиын өтті.
Жиынға Түркістан қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Мұхтар Сейділдаев, мектеп инспекторы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, мектеп психологтары және оқушылар қатысты.
Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа жол бермеу.
Полиция подполковнигі Мұхтар Сейділдаев және Тергеу бөлімінің тергеушілері оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында және құқық бұзушылық орын алған жағдайда жасалатын іс-әрекеттер жайлы дәріс оқыды. Дәріс соңында оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
x

Check Also

Жасанды интеллект еңбек нарығын өзгертуде: Партиялар білім беру мен болашақ мамандықтарды талқылады

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар білім беру, еңбек нарығы, экология және өңірлік даму мәселелері бойынша ұсыныстарын сайлаушылармен кездесулерде және телевизиялық ...

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...