ҚАЛАДАҒЫ КӨЛІК ЖҮКТЕМЕСІН АЗАЙТУ — АЙНАЛМА ЖОЛДАР АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

ҚАЛАДАҒЫ КӨЛІК ЖҮКТЕМЕСІН АЗАЙТУ — АЙНАЛМА ЖОЛДАР АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Түркістанда көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қазіргі таңда 4 жолдың құрылысы жүруде.
 І.Қожабаев (5,6 шқ,) көшесін реконструкциялау нәтижесінде, Кентау тас жолы бағытындағы жол Әкімшілік-іскерлік орталық (АДЦ) арқылы Шымкент бағытындағы жолға қосылады.
 Ә.Жангелдин (3,8 шқ,) көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталған соң Қызылорда бағыты мен Балтакөл бағытындағы автокөлік жолы байланысып, көлік қатынасы жеңілдемек.
 Ал, Қазыбек би мен О.Жарылқапов (2,8 шқ.) көшелері аралығындағы жолдың құрылысы «Яссы» мен Сауран тұрғын алабын «Отырар» секторымен байланыстыратын болады.
 Б.Қалаби көшесін жаңғырту нәтижесінде Балтакөл тас жолы Шәуілдір мен Шымкент тас жолдарына тікелей қосылатын болады.
x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...