АБАЙЛАҢЫЗ, ТЕМІР ЖОЛ ӨТКЕЛІ! — Xnews — ақпарат агенттігі

АБАЙЛАҢЫЗ, ТЕМІР ЖОЛ ӨТКЕЛІ!

Түркістан станциясы желілік полиция бөлімшесінде ағымдағы жылдың қыркүйек айының 1-9 күндері аралығында «Абайлаңыз поезд» акциясы өткізілуде.
Акция аясында желілік полиция қызметкерлері темір жол үстіндегі өткелдерден өтетін қала тұрғындары мен мектеп оқушыларына, көлік объектілеріндегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, мамандар темір жолға жақын орналасқан мектертерде оқушыларға темір жолдан өткенде өте сақ болуларын айтып, жол қауіпсіздігі тақырыбында дәріс өтуде.
Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімшесі ЕСКЕРТЕДІ:
•Темір жолмен жүруге қатаң түрде тиым салынған;
•Темір жол бойымен, шеткі рельстен 5 метрден аса қашықтықта жүру қажет;
•Темір жолды арнайы төсеніштер арқылы, жақын жерде пойыздардың жоқтығына көз жеткізіп барып белгіленген жерден ғана өтуге болады;
•Темір жолды өту кезінде құлақ қаппен ұялы телефонды пайдалануға,
тұрған вагондарға шығуға болмайды және темір жол электрлендірілген оның қуаты 27000 вольт.
Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушыларға сақтық ережелерін қатаң ұстанып, жол үстінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік сақтау мәселелеріне ерекше назар аударуға шақырады.
x

Check Also

Жасанды интеллект еңбек нарығын өзгертуде: Партиялар білім беру мен болашақ мамандықтарды талқылады

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар білім беру, еңбек нарығы, экология және өңірлік даму мәселелері бойынша ұсыныстарын сайлаушылармен кездесулерде және телевизиялық ...

Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке ...