СӨЗДЕН – ІСКЕ: ТҰРҒЫНДАР 85 МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ. ОНЫҢ 64-І ОРЫНДАЛДЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

СӨЗДЕН – ІСКЕ: ТҰРҒЫНДАР 85 МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ. ОНЫҢ 64-І ОРЫНДАЛДЫ

Толығырақ тақырып аясында
Қала басшысының наурыз және маусым айларындағы Бекзат секторындағы кездесуі барысында 85 мәселеле көтерілді. Олардың 64-і толық орындалса, 21-і тиісті жұмыстар басталып қазіргі таңда орындалу үстінде.
Бүгінгі таңда, алты алабтың бірі Бекзат секторында бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, 3 шақырымды құрайтын 4 көшеге тас төселіп, 49 көшеге жарықшамдар қойылды.
Сондай-ақ, 2,2 шақырымға жаяу жүргіншілерге арналған жол салынып, сектор аумағында 5 аялдама орнатылды.
Тұрғындар тілегіне сәйкес, №6, №10 бағыттағы автобустар жаңартылып, жаңа №17, №20 бағыттарында қатынас жасайтын қоғамдық көліктер іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы №16 бағытын ашу жоспарлануда.
Жарықтандыру саласында қажеттілік туындаған аймақтарда қосымша 4 трансформатор орнатылып, сектор тұрғын үйлерінің 75 пайызы табиғи газ тұтынуда.
Ендігі кезекте секторда 1,8 шақырымды көше орташа жөндеу жүргізілмек. 6,6 шақырым көшеге жаяу жүргінші жолы салынуда.
Одан бөлек, балалар ойын алаңы мен спорт алаңшаларының құрылысы мен 100 км-ге кәріз желісі жүргізілуде. Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 1200 орындықты мектеп салу көзделуде.
x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...