Шымкентте тағы 10 науқас коронавирустан емделіп шықты — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте тағы 10 науқас коронавирустан емделіп шықты

Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 10 науқас емделіп, ауруханадан шығарылды. 

Қауіпті індетті жеңіп шыққандар 1991, 1990, 1965, 1994,1985, 1989, 1967 1979, 1966, 1964  жылы туған қала тұрғындары. Науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. 

Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 5 мамыр күні ауруханадан шығарылды. 

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 61 науқас дертінен айығып шықты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...