КУВЕЙТТЕН ТҮРКІСТАНҒА ТҰРАҚТЫ АВИАРЕЙС ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Биылғы 3 желтоқсаннан бастап «Кувейт – Түркістан» бағытында тұрақты әуе рейсі қатынай бастайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті.
«Қазақстан Республикасы мен Кувейт мемлекетінің авиациялық билігі арасында қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде «Jazeera Airways» Кувейт лоукостері ағымдағы жылдың 3 желтоқсанынан бастап «Кувейт – Түркістан бағытында» ұшуларды орындай бастайды.
Кувейт астанасы мен түркі әлемінің рухани орталығы арасындағы тұрақты жолаушылар рейстері сейсенбі және жексенбі күндері Airbus A-320 типті әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады.
Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал етпек», — делінген мәліметте.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
x

Check Also

Елімізде 2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі

2025 жылдың 18 шілде күні ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ...

Қазақстан әлемдегі топ-100 суперкомпьютер қатарына енді

Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance ...