ЖСН АРҚЫЛЫ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ АНЫҚТАҢЫЗ!

Елімізде 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
Осы орайда, Түркістан облысының әкімдігі сайлаушылар тізімінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында https://tur.saylaw.kz/ сайтын іске қосқан болатын.
Өңір тұрғындары https://tur.saylaw.kz/ сайтына кіріп, өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізе отырып, қай сайлау учаскесінен дауыс беретінін, сондай-ақ сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын біле алады.
Қосымша сұрақтар болған жағдайда, 109 (қоңырау шалу тегін) Call-орталығына кез келген уақытта тәулік бойы хабарлассаңыз болады.
Егер, сіз өзіңізді сайлау учаскеңізді таппасаңыз, сайтта көрсетілген аудан, қалалардағы сайлауға жауапты тұлғалардың байланыс телефондарына хабарласып, қажетті ақпарат ала аласыз.
Сайлауға қатысу – әр қазақстандықтың азаматтық борышы. Осы ретте, облыс тұрғындарын сайлауға барып дауыс беруге, азаматтық белсенділік танытуға шақырамыз!
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
x

Check Also

Елімізде 2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі

2025 жылдың 18 шілде күні ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ...

Қазақстан әлемдегі топ-100 суперкомпьютер қатарына енді

Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance ...