СОЗАҚТА «АТОМШЫЛАР АЛЕЯСЫ», «STREET WORKOUT» ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Созақ ауданы, Таукент кентінде «Kazatomprom-SaUran» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен салынған төрт балалар ойын алаңшасы, «Атомшылар алеясы» және «Street workout» алаңының ашылу салтанаты өтті.
Жиында аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды нысандардың ашылуымен және «Kazatomprom-SaUran» ЖШС-нің құрылғанына 25 жыл толу мерекесімен құттықтап, компанияның бас директоры Асқар Нұрғалиевке аудан әкімінің алғыс хаты мен сый-сияпатын табыс етті.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылғандай, халыққа көмек көресетуді жүзеге асырып, көптің ықыласына бөленіп келген «Kazatomprom-SaUran» компаниясы ауданның даму жолында әрқашан үлкен қолдау білдіріп келеді. Осындай өрелі өндіріс орындары өңірімізде өркен жайып, әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға және бірқатар әлеуметтік нысандарға демеушілік көрсетіп жүр. Бүгін, міне, Таукент кентінде төрт балалар ойын алаңшасы, «Атомшылар аллеясының» және «Street workout» алаңының ашылуына куә болып отырмыз. Осынау әлеуметтік қолдауға Созақ ауданы тұрғындары атынан ризашылығымды білдіремін, — деді Мұхит Тұрысбеков.
Аталған жиында Таукент кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Төленбек Әйнекбаев аудан басшысы мен демеуші компания ұжымына кент тұрғындары атынын алғысын білдірді.
«Kazatomprom-SaUran» ЖШС-нің бас директоры Асқар Нұрғалиев аудан көлемінде осындай игі шаралар өз жалғасын табатынын жеткізді.
Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі
x

Check Also

В Шымкенте прошла ярмарка труда, на которой предложено около 2 тысяч рабочих мест

В Шымкенте растёт активность на рынке труда. Сегодня в городском выставочном центре состоялась крупномасштабная ярмарка вакансий под названием «Труд – ...

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...