2023 ЖЫЛЫ БӘЙДІБЕК ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 82 ПАЙЫЗЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

2023 ЖЫЛЫ БӘЙДІБЕК ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 82 ПАЙЫЗЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда аудан аумағындағы 17 елді мекен табиғи газды тұтынуда. Қалған елді мекендерді табиғи газға қосу жұмыстары жоспарға сәйкес кезең кезеңімен атқарылуда.
2021 жылы Амансай, Түйетас, Талап, Сарыбұлақ, Жолғабас елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары басталған. Нысан толық аяқталған соң 5 елді мекен тұрғындары табиғи газдың игілігін көретін болады. Сонымен қатар 2023 жылы аудандағы Жоғарғы Боралдай, Тайманов, Теректі, Жиенқұм, Шақпақ, Қазата, Ағыбет, Алғабас, Кеңестөбе, Бәйдібек ата елді мекендері және Шаян елді мекеніндегі 20 коммуналдық (жалдық) тұрғын үй мен 55 гектар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымында салынатын тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша тиісті қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталады. Сондай-ақ аудандағы 10 ауылдың (Жаңаталап, Таңатар, Қошқар ата, Тұрақты, Жұлдыз, Қаратас, Ақжар, Кеңсай, Жарықбас, Алмалы) газ құбырларының құрылыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде.
Жалпы 2023 жылы Бәйдібек ауданындағы халықтың 82 пайызын газбен қамту жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...