Түркістан облысында су басқан үйлерден 31 мың адам эвакуацияланды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендерінен 2 мамырдан бері 31 606 адам эвакуацияланған, деп хабарлайды Xnews тілшісі Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй), Өргебас (194 үй), Достық(11 үй) елдімекендерінен жалпы саны631 үй су астында қалған.

«2 мамырда Атакент елді мекенінде 24 эвакуациялық бөлім құрылып, жұмыс жүргізіліп жатыр. Апаттан құтқару жұмыстарына жалпы саны 986 адам, 4 қайық, 180 дана техника тартылған. Полиция тарапынан Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Нұрлыжол, Иіржар елді мекендерінде бір, Т. Жайлыбаев ауылында екі блокбекет құрылып, оның жалпы саны 7-ге жетті», — делінген хабарламада.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...