САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫМЕН ТОЛЫҚТЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Құркелес ауылдық округі Нұрлы жол елді мекеніне арнайы барып, заманауи үлгіде бой көтерген спорт алаңшаның ашылу салтанатына қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.
– Жыл сайын спортпен шұғылданатын жастар саны артуда. Жастайынан денесі шымыр болып өскен баланың денсаулығы да мықты болады. Ал дені сау ұрпақ – мемлекет келешегі. Осы орайда спорт алаңының пайдалануға берілуіне атсалысқан ауыл ақсақалдарына және мердігер мекемеге алғысымды білдіремін. Осыдан кейін ауыл тұрғындарының спортқа қызығушылығы арта түсетініне сенімдімін! – деді аудан басшысы.
Айта кетсек, аталған спорт алаңшасы аудандық бюджет есебінен салынды. Жалпы ауданы 0,30 гектарды құрайтын спорт алаңшасында футбол алаңы бар, сонымен қатар Workout-пен (жаттығу алаңшасымен) жабдықталған. Жарықшамдар орнатылып, орындықтар қойылған.
Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

Шетелдік жұмыскерлермен еңбек шартының жасалуы міндетті

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА! ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ ТӘРТІБІ? Жұмыс беруші үшін 3 негізгі қадам: Құжаттарды тексеру: жұмысқа қабылданар алдында ...