КЕНТАУДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

КЕНТАУДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Түркістан облысы, Кентау қаласында тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Көшелер сыпырылып, арнайы қоқыс алаңшалары дер кезінде тазаланып отыр. Жауапты жұмысты мемлекеттік-жекешелік аясында «Группа Интеко» ЖШС-і жүргізеді. Ол мемлекеттік тапсырыстағы 54 көшені тазалау міндетін алған. Оның ішінде автомобиль жолдары мен жаяу жүргінші жолдарды, су ағатын лотоктарды, жасыл желектерді қоқыстан тазалау, қоқыстарды әкету жұмыстарын жүргізеді.
Қазіргі таңда 9 арнайы техникасымен 42 қызметкер жұмыс атқарады. Жалпы, қысқы жұмыстарға 800 текше метр құм және 80 тонна тұз дайын тұр дейді мамандар. Сонымен қатар 340-тан астам көпқабатты тұрғын үйдің 56 ауласын қоғамдық жұмысшылар арқылы күнделікті санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, қазіргі таңда контейнерлік алаңдарды әдемі, сәндік жабық панельдермен жабдықтау жұмыстары да қолға алынған.
Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

Шетелдік жұмыскерлермен еңбек шартының жасалуы міндетті

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА! ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ ТӘРТІБІ? Жұмыс беруші үшін 3 негізгі қадам: Құжаттарды тексеру: жұмысқа қабылданар алдында ...