АЙБЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНЫМЫЗДЫҢ ТІРЕГІ — Xnews — ақпарат агенттігі

АЙБЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНЫМЫЗДЫҢ ТІРЕГІ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» атты акция іс-шарасы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков қатысып, әскер қатарына жіберілетін азаматтарға Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып келулеріне тілегін білдіріп, естелік ретінде жазушы Бағдат Қалаубайдың кітабын тарту етті.
Аталған іс-шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев іс-шараның маңыздылығына тоқталып, сарбаздарға сәттілік тіледі. Қорғаныс саласының дамуына үлес қосып отырған бірқатар үздіктерге департамент бастығының алғыс хатын табыс етті. Бәйдібек аудандық ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Нұржан Шүкірбеков те отаншылдық туралы ой қозғады.
Әскерге шақырылғандар атынан сөз алған Ғаламат Ғалымұлы Отан қорғау әрбір ер азаматтың міндеті екенін айтып, әскерде жақсы қызмет етіп, елді қорғау жолында құрдастарын әскерге баруға шақырды.
Іс-шарада М.Әуезов атындағы мектептің оқушылары қаруды жылдам шашып, қайта құрау бойынша шеберліктерін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай ұйымдыстарылған «Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» атты шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндерді шырқады.
x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...