ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ — «TURAN BARYSY» АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтті. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысып, өзара мықтыларын анықтады. Сайыстың ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысушыларды құттықтады.
Дүбірлі сында балуандар екі топқа бөлініп, айналмалы жүйеде күресті. Екі топтан іріктелген Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан құрама командалары жүлделі орындарға таласты.
Әзірбайжан елінің балуандарын қапы қалдырған қырғыз өрендері қола жүлдені иеленді. Ал тартысқа толы күрес бәсекесінің ақтық айқасы Қазақстан құрамасымен Өзбекстан елінің балуандары арасында өтті. Айтулы доданың ақтық бәсекесінде 4:3 есебімен Қазақстан балуандары жеңіске жетіп, Turan Barysy» додасының жеңімпазы атанды.
Алғаш рет ұйымдастырылған күрес сайысында бірінші орын алған команда
10 000 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық алса, екінші орынға — 6 000 000, үшінші орынға — 4 000 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды.
Естеріңізге саламыз, іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің, сондай-ақ, «Qazaq kuresi» ассоциациясы, «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының ұйымдастыруымен өтті. Турнирдің бас серіктестері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және «Туризм мен спортты қолдау және дамыту қоры».
x

Check Also

Елімізде 2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі

2025 жылдың 18 шілде күні ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ...

Қазақстан әлемдегі топ-100 суперкомпьютер қатарына енді

Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance ...