САУРАН АУДАНЫНДА ЕКІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГКЕ ГАЗ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысында ауылдарды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Сауран ауданы, Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтеріне табиғи газ берілді. Табиғи газға қосылу шарасына Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Олжабайқызы, аудан әкімі Ғани Рысбеков, ауыл ақсақалдары және «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Түркістан газ шаруашылығының басшысы Ақиқат Абдуллаев қатысып, халықты «көгілдір отынның» келуімен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.
Табиғи газ беру жұмыстары Шаға ауылдық округіне қарасты Қазақстанның 30-жылдығы елді мекенінен басталды. Қалған елді мекендерде ретімен жалғасын табатын болады. Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтеріне табиғи газ №16 Ескі Иқан автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы беріледі. Аудан әкімдігімен «ҚазТрансГаз» АҚ елді мекендерге газ беру жұмыстарын жүргізуде. Әрі қарай әр азамат өз үйіне немесе басқа да нысандарға газ қосу үшін өтініш білдіріп, мердігер мекемелермен келісім-шартқа тұрып, құжаттарды түгелдегеннен кейін жеке шот ашылып, абоненттер санына қосыла алады.
x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...