Жетісай қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

Жетісай қаласы әкімінің орынбасары сотталды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменті басшысының орынбасары Данияр Ақуан айтты, деп хабарлайды Xnews.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бір күн бұрын, 29 сәуірде Жетісай аудандық соты Жетісай қаласы әкімінің орынбасары К.Т. Смайыловқа қатысты үкім шығарғанын хабарлады. Ол шағын және орта бизнесті дамыту үшін жер телімін алуы үшін кәсіпкерден 500 мың теңге көлемінде пара алды деп танылды. Ол ақшаны алдау және өзіне артылған сенімге қиянат жасау арқылы алғандығы айтылады.

Бұл үшін бұрынғы лауазымды тұлғаға мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырып, оған қоса 7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ 24 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы А.Р.Жеребаевқа мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру және 1 миллион теңге айыппұл салу туралы сот шешіші шыққаны хабарланды. Ол біреуді әкімшілік қамауға алу туралы сот шешімін шығармауы үшін 100 мың теңге параны алаяқтық жолмен алғандығы атап өтіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Ордабасы ауданында жасөспірімдер арасында дзюдодан Түркістан облысының лигасы өтті

Түркістан облысы бойынша дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен алғашқы рет жасөспірімдер арасында Түркістан дзюдо лигасы (Turkistan Judo League) жарыстары бастама алды. Бұл ...

Түркістан облысында мал шаруашылығының халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтті

Түркістанда етті және майлы қой түрлерінің V халықаралық көрмесі өтті. «Turkistan show arena» кешенінде өткен көрмеге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, ...